📢Мектебімізде өтіп жатырған Тілдер күніне орай мектебіміздің кітапханашылары »Тіл – ұлт қазынасы" атты мектеп көрмесін ұйымдастырды

🔰 Ш. Уәлиханов атындағы орта мектептің кітапхана меңгерушісі А. Капизова мен кітапханашы В.Маканованың ұйымдастыруымен Тілдер апталығы аясында «Тіл – ұлт қазынасы» атты кітап көрмесі ашылды.

🔰 Мұндағы мақсат – қазақ тілі мен жазуы, Қазақстан халқының тілдері тарихына қатысты лингвист ғалымдардың іргелі жұмыстарын көпшілікке таныстыру, мемлекеттік тілді білу және елімізді мекендейтін әр халықтың тілін құрметтеу, әлемдік тілдерді үйренуді насихаттау.