📌 Мектеп лагері – белсенді демалыс аймағы, насихаттық, дидактикалық, сөздік мектеп әрекетінен өзгеше әртүрлі қоғамдық мәні бар бос уақытты өткізу орны.
✒️ Осы бағытта лагерьдегі спорттық жетекші А.Рауелованың ұйымдастыруымен "Көңілді старт" атты эстафеталық ойын ұйымдастырылды.
⚜️ Жарыстың мақсаты лагерь демалушыларының бос уақытын тиімді пайдалану үшін спортқа деген қызығушылығын көтеру, ойын барысында демалушылардың ынтымақтастығын арттыра отырып, адамгершілікке, адалдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу, ойынға қатысушылардың өзін-өзі анықтау, тұлғаның мүмкіндіктерін дамыту арқылы дағдылық қабілеттерін қалыптастыру болып табылады.
🔷Одан әрі лагерь демалушыларына көңілді, қозғалмалы тренингтерді мектеп психологы Д. Салауатқызы ұйымдастырып, лагерь демалушылары қызығушылықпен қатынасты.
https://www.valihanov-inder.edu.kz/kz/zha-aly-tar/220-zh-ldyz-zhaz-y-demalys-lagerinde-sportty-sharalar-jymdastyryldy.html#sigFreeIddd4a9a6da6











